Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық хоккейшілер үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Отандастарымыз алтыншы ойынында Испаниядан келген қарсыластарын 14:4 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.

Енді топтағы соңғы бір ойын қалды. Жерлестеріміз бүгін түстен кейінгі 14:30 да Ұлыбританияға қарсы сынға түседі.