«Қайрат» футбол клубы Алматы қаласында сезілген жер сілкінісінен ойыншылар зардап шекпегенін мәлімдеді.

- Ойыншылардың жағдайы бірқалыпты, - деп мәлімдеме жасады клубтың баспасөз қызметі «Матч ТВ» арнасына.

Күшті жер асты дүмпулерін 23 қаңтарға қараған түні Алматы, Астана, Шымкент және Қазақстанның бірнеше облысының тұрғындары сезді. Алматыда сегіз адам зардап шекті, олардың біреуінің жағдайы ауыр.

Бұған дейін сейсмологтар Алматыда жер сілкінісі бес баллға жеткенін, Шымкентте жер сілкінісі екі баллда сезілгенін хабарлаған болатын.