Суперлиганың бас хатшысы Анас Лаграри клубтардың осы жобаға қосылуға ниеті туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ешкімге әсер етпеуі үшін нақты клубтарды атамаймын. Біз 50-ге жуық клубпен сөйлестік. Олардың 20-ға жуығы жобаға қызығушылық танытып отыр.

Турнирді бастау үшін бізде жеткілікті командалар бар. Оларды әшкерелеп алмау үшін атын атағым келмейді», - деді Лаграри.