Тәжікстан ұлттық құрамасының футболшылары Азия кубогының топтық кезеңінің соңғы турында Ливан құрамасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

А тобындағы ойын 2:1 есебімен аяқталды.

Тәжікстан құрамасы 81 және 92-минуттардағы екі голдың арқасында жеңісті жұлып әкетті. Жеңімпаздар қатарында Парвизжон Умарбаев пен Нуриддин Хамрокулов голдың авторы атанды.

Осылайша, Тәжікстан құрамасы дебюттік Азия кубогында топтан шықты.