Павлодарлық жартылай қорғаушы Ілияс Әбіл португалиялық «Жил Висенте» клубына ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

«Жил Висенте» - Барселуш қаласының клубы, Португалияның жоғары дивизионында бақ сынайды.

Әбіл маусымға дайындықты «Ертіс» сапында бастады, ол клубтан жасы он сегізге толған соң кетеді. Футболшы келісімшартқа отыру үшін Португалияға аттанады.

Айта кетейік, футболшы Қазақстан жастар құрамасы сапында Португалия құрамасына гол соқты.

Өткен маусымда әбіл Freedom QJ League-да 9, Бірінші лигада 22 және Премьер-лигада 2 матч өткізді.