«Қызылжар» 26 жастағы грузин шабуылшысы Лука Имнадземен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лука Имнадзе Грузия «Гуриясының» түлегі. Сондай-ақ, ол өз елінде «Сабуртало», «Колхети», «Рустави» және «Самтредия» командаларында ойнаған. Шабуылшы әзірбайжандық «Сабаил» сапында да өнер көрсеткен. Лука 2021-2022 жылғы маусымды «Ақжайық» құрамында өткізді. Орал клубы сапында 26 кездесу өткізіп, 3 гол соқты.

Имнадзе өткен жылдың басында «Қызылжарға» ауысып, содан бері солтүстіктің сапында 29 кездесу өткізіп, 4 гол соққан.