Қаңтардың 20-нан 21-не қараған түні Торонтода (Канада) аралас жекпе-жектен UFC 297 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің басты жекпе-жегінде оңтүстік африкалық Дрикус Дю Плессис америкалық Шон Стриклэндті жеңіп, орта салмақтағы чемпион атанды.

Стриклэнд жекпе-жек үшін 1 340 000 доллар (601 908 838 теңге) табыс тапты. UFC-дің жаңа чемпионы одан аз алды: $685 000 (307 692 204 теңге).

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы қарсыласы Нил Мэгни 234 000 доллар (105 109 453 теңге) табыс тапты.