Қызылордалық «Қайсар» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың 25 қаңтарға жоспарланған 2 жолдастық кездесуі бар. Бірінші ойын венгриялық «Кишварда» клубына қарсы болса, екіншісі Словенияның «Мура» футбол клубына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, қызылордалық клуб кейінгі ойында украиналық «Ворскледен» 1:4 есебімен ұтылып қалды.