Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер олимпиадасында қазақстандық хоккейшілер үшінші рет жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін Олимпиаданың үшінші күні отандастарымыз даниялық ойыншыларға қарсы сынға түсті.

Аса тарысты өткен матчта жерлестеріміз қарсыластарына 8:6 есебімен жол берді.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиаданың ең алғашқы күні қазақстандық хоккейшілер Польша құрамасын 18:8 (3:2, 5:4, 10:2) есебімен басым түскен болатын.

Алайда, кеше екі ойын өткізген отандастарымыз екеуінде де жеңіліп қалды. Бүгін үшінші рет қтылды.

Енді Қазақстан құрамасы бүгін тағы бір кездесу өткізеді. Астана уақытымен сағат 13:00 де Тайваньнан келген хоккейшілерге қарсы ойнайды.

Қазақстан құрамасынан алаңға мына ойыншылар шығады:

1. Арсений Кучковский2. Никита Кулаков3. Темірлан Айболұлы4. Матвей Решетько5. Расул Турсынов6. Жахангер Тлеухан7. Таир Бигаринов8. Роман Мичуров9. Егор Кравченко10. Әділхан Саттар11. Бексұлтан Мақыш12. Арман Төлен13. Ануар Ахметжанов