22 қаңтарда ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» «Автомобилистпен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» кейінгі алты кездесуде «Салават Юлаевты» (3:2) ғана жеңе алды. Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде қазақстандық команда топ-8 қатарынан тоғыз ұпайға қалып, 11-орында тұр.

Ал «қызыл-қаралар» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде төртінші орында келеді.

Айта кетейік, командалар өзара 10 кездесу өткізіп, әрқайсысы бес реттен жеңіске жеткен.

«Барыс» - «Автомобилист» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады. Матчты мына сілтеме арқылы көруге болады. Сондай-ақ ойынды Qazsport телеарнасынан да көруге болады.