Испанияда өтіп жатқан «Кастельона Гран-приі» бір күндік шосседегі веложарысы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Биыл жарыстың жеңімпазы Team Jayco AlUla командасынан аустралиялық Майкл Мэттьюс болды.

«Астана» сапында үздік нәтижені Антон Чармиг көрсетті. Ол мәреге 14-болып жетті.

«Кастельона Гран-приі», Castellón - Onda (173,9 км)

1. Майкл Мэттьюз (Team Jayco AlUla) - 4:09:47

2. Пьер Готера (Decathlon AG2R La Mondiale Team)

3. Алекс Аранбуру (Movistar Team)

...14. Антон Чармиг («Астана»)