Қытайда тұратын қазақ файтері Мақсат Қайсардың (9-3) UFC-дегі төртінші қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қайсар 27 сәуірде октагонға оралады, Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетін турнирде ол «Арыстан патша» лақап аты бар үндістандық Аншул Джублимен (7-1) кездеседі.

Мақсат Қайсар кейінгі рет 2023 жылы мамырда жекпе-жек өткізді. Онда ресейлік Вячеслав Борщевтен (7-3-1) нокаутпен жеңілді. Ол UFC-де үш жекпе-жек өткізді, қазіргі рекорды - 1-2.

Келесі қарсыласына келетін болсақ, Аншул Джубли UFC аясында екі жекпе-жек өткізді, ол бір жеңіске жетіп, бір рет жеңіліске ұшырады. Қазан айындағы кейінгі жекпе-жегінде америкалық Майк Бриденді (11-6) үшінші раундта нокаутқа түсірді.