Қазақстандық шорт-трекші Полина Омельчук Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ол 1000 метрге жүгіруден мәреге үшінші болып келді. Оның уақыт көрсеткіші - 1:41.600. Бұл бәсекеде қытайлық Цзиньцзы Ли жеңіске жетсе, оның отандасы Цзиньжу Ян күміске қол жеткізді.

Айта кетелік, Қазақстан қоржынындағы медаль саны екеуге жетті. Бұған дейін шаңғымен тұғырдан секіруден Илья Мизерных алтын медаль иеленген болатын.