Әлемнің үшінші ракеткасы, америкалық теннисші Кори Гауфф Австралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы польшалық Магдалена Француз болды. 1 сағат 5 минутқа созылған кездесу 6:1, 6:2 есебімен аяқталды.

Келесі айналымда Гауфф Марта Костюк пен Мария Тимофеева арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.