Қазақстандық хоккейші Никита Михайлис Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен келісім-шарт мерзімін тағы екі жылға ұзартты.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ойнайтын 28-жастағы хоккейшінің келісім-шарт мерзімі 2025/26 жылғы кезеңге дейін есептелген.

Никита Михайлис қазақстандық хоккей түлегі. «Металлург» сапына 2023 жылы қосылды. Өткен маусымда ол 52 кездесуде 15 гол соғып, 16 нәтижелі пас берді.

Қазірге дейін Никита Михайлис «Барыс» пен «Металлург» сапында 463 ойынға қатысты. Нәтижесінде 114 гол соғып, 138 нәтиежелі пас берді.

Ол еліміздің ұлттық құрамасы сапында 2016 жылдан бері ойын көрсетіп келеді.