«Интердің» үш ойыншысы осы маусымда барлық турнирде кемінде 10 голдан соқты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Лаутаро Мартинес еншісінде 20 гол, Хакан Чалханоглу мен Маркус Тюрамда 10 голдан.

Еуропаның топ-5 лигасы клубтарының ішінде тек «Реал Мадрид» (Джуд Беллингем, Родриго, Хоселу) мен «Манчестер Сити» (Эрлинг Холанд, Хулиан Альварес, Филип Фоден) ойыншыларында 10+ гол соққан үш ойыншыдан бар.