Қазақстан теннисшісі бірінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің төртінші, жарыстың бірінші ракеткасы, ATP рейтингісінде 1872-орында тұрған италиялық Федерико Синамен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші партияда италиялық спортшы бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Есесіне осыдан кейін Әмір қарымта қайтара алды – 6:3, 6:3.

Тартысты бәсеке бір сағат 37 минутқа созылды.

Әмір Омарханов екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен кездеседі.