4 ақпан күні таңертең Лас-Вегастағы UFC Fight Night турнирінде Азат Мақсұм (17-0) америкалық Чарльз Джонсонмен (MMA-да 13-6, UFC-де 2-4) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек ең жеңіл салмақ дәрежесінде (57 келі) өтеді.

Айта кетейік, Азат жекпе-жекке Алматыда дайындалған болатын.

Азаттың жаттықтырушысы – Дәнеш Дөңгебаев, ол өзі файтер болған, посткеңестік елдерде ММА ережесіз жекпе-жек деп аталатын кезде жарысқа қатысып, 82-0 бейресми рекордын жинаған.