3х3 хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Гангвонда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық хоккейшілер Польша құрамасымен кездесті. Кездесу 18:8 есебімен қазақстандықтардың сенімді жеңісімен аяқталды.

Ертең, 21 қаңтарда Қазақстан Австрия және Латвия құрамаларына қарсы ойын өткізеді.