«Ордабасының» бұрынғы жартылай қорғаушысы Жоржиньо мансабын Грузия чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Кутаиски «Торпедомен» келісімшартқа отырды.Қазақстан Премьер-лигасының 2023 жылғы маусымында Жоржиньо «Ордабасы» сапында 13 матч өткізіп, үш матчта нәтижелі пас берді.

Жоржиньо мансабында португалиялық «Ароку» мен «Шавеш», франциялық «Сент-Этьен», болгариялық ЦСКА және «Лудогорец», мысырлық «Вади Дегла» және польшалық «Висла» командаларында ойнаған.