Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Аргентина астанасы Буэнос-Айресте Челленджер сериясының жекелей турнирінде ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы аргентиналық Андреа Колларинимен кездесіп (АТР рейтингінде 236-шы), екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесу бір сағат 56 минутқа созылды.

Жартылай финалда Попко аргентиналық Факундо Багниспен кездеседі.

Айта кетейік, 27 жастағы қазақстандық спортшы қазіргі уақытта ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) жекелей рейтингінде 358-ші орында тұр.