2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалы Американың Техас штатында орналасқан Даллас қаласында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әлем чемпионатының финалдық матчы өтетін арена AT&T Stadium болады. Стадионның сыйымдылығы 105 мың.

2022 жылы Катарда өткен соңғы әлем чемпионатының финалдық ойыны Лусаил қаласындағы Ұлттық стадионда өтті, ойынға 90 мыңға жуық адам қатысты.

2026 жылғы әлем чемпионаты 2026 жылдың маусым-шілде айларында Канада, АҚШ және Мексикада өтеді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 48 үздік команда қатысады.