Америкалық аралас жекпе-жек шебері Шон Стриклэнд UFC 297 турнирінде Оңтүстік африкалық файтер Дрикус дю Плессимен кездеседі. Спортшылар жекпе-жек алдындағы көз түйістіру рәсімін өткізді, деп хабарлайды.

Орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын аралас жекпе-жек шеберлері 20 қаңтарда Торонтодағы (Канада) Scotiobank Arena-да өтетін кездесуде күш сынасады. Жекпе-жек кардтың басты кездесуі болғалы отыр. Спортшылар жекпе-жек алдындағы көз түйістіру рәсімін өткізді.

32 жастағы Стриклэнд өткен жылдың қыркүйек айында Исраэль Адесаньені жеңіп, UFC чемпионы атағын жеңіп алды. Шон Дю Плессимен жұдырықтасып, алғаш рет чемпиондық атағын қорғағалы отыр. UFC промоушенінде 2013 жылдан бері өнер көрсететін спортшының рекорды 28 жеңіс, 5 жеңіліс. UFC-дің жалпы рейтингінде 8-орында. 30 жасар Дю Плесси орта салмақ дәрежесіндегі UFC рейтингінде Адесаньеден кейін 2-орында. Оңтүстік африкалық файтер аталмыш промоушендегі барлық жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ал соңғы кездесуінде бұрынғы чемпион Роберт Уиттакерді нокаутқа түсірді.

Дрикус UFC-ге дейін Оңтүстік африкалық EFC, польшалық KSW промоушендерінде өнер көрсетіп, чемпиондық титулдарға қол жеткізген. Оның есебінде 20 жеңіс, 2 жеңіліс бар. Ал қазақстандық ММА-менеджер Саят Абдрахмановтың файтері Мовсар Евлоев (17-0) аталмыш турнирде өз салмағының рейтингінде 4-орында тұрған спортшы Арнольд Алленмен жұдырықтасады.