Португалиялық маман Жозе Моуриньо «Наполи» клубын басқаруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Mediaset сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, бапкердің агенті «Наполи» президенті Аурелио Де Лаурентиспен хабарласқан. Алайда оның жоғары жалақысы Моуриньоның «Наполидегі» жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.

16 қаңтарда бапкер «Рома» бас бапкері қызметінен босатылған. Моуриньо клубта 2021 жылдан бері жұмыс істеді. Ол командамен бірге 2022 жылы Конференция лигасын жеңіп, өткен маусымда Еуропа лигасының финалына дейін жеткен.

«Наполи» А Сериясының 20 турынан кейін 31 ұпаймен турнир кестесінде 8-орында тұр.