Бүгін Алматыда Еуразиялық жекпе-жек лигасының 2024 жылдағы алғашқы турнирі - OCTAGON 54 өтеді, деп жазады Prosports.kz

Ивент аясында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Қытай файтерлері өнер көрсетеді, сондай-ақ «командаға команда» форматында Қазақстан мен Өзбекстан арасында кездесулер өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл алмақта титулға экс-үміткер тәжікстандық-қазақстандық Фарход Давлятов (7-3) пен қатарынан төрт жекпе-жекте жеңіске жетіп келе жатқан өзбекстандық Азизхон Азимов (4-2) күш сынасады.

Одан бөлек, жеңіл салмақта өзбекстандық «Қоқан арыстары» Амирхон Алихуджаев (8-4) пен қазақстандық «Барыс» Руслан Серікпұлов (18-17) кім мықтыны анықтайды.

OCTAGON 54 турнирінің толық файткарды:

MAIN EVENT

Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек

Азизхон Азимов (4-2, Өзбекстан) – Фарход Давлятов (7-3, Тәжікстан)

CO-MAIN EVENT:

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек

Амирхон Алихуджаев (8-4, Өзбекстан) – Руслан Серікпұлов (18-17, Қазақстан)

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек

Ибрагим Шайманов (5-5, Өзбекстан) – Әділбек Қайырғали (6-3, Қазақстан)

Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек

Саид Маликов (4-2, Әзербайжан) – Оразбек Джиахефу (31-12, Қытай)

Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек

Диёрбек Рузибоев (4-2, Өзбекстан) – Әлішер Ғазиз (3-1, Қазақстан)

Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек

Алмазбек Темирбек уулу (3-0, Қырғызстан) – Нұржігіт Баймен (5-0-1, Қазақстан)

Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек

Сухроб Мирзавалиев (5-1, Өзбекстан) – Тимур Қуаныш (3-0, Қазақстан)

Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек

Джавид Рзаев (3-1, Әзербайжан) – Жасұлан Мейірманов (3-0, Қазақстан)

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек

Мавлонбек Миркомилов (3-2-1, Өзбекстан) – Әбдірахман Өмірзақов (2-1, Қазақстан)

Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек

Джанбала Маликов (2-0, Әзербайжан) – Нұр Әбірақын (2-1, Қазақстан)

Ауыр салмақтағы жекпе-жек

Эльдар Толеубай (1-0, Қазақстан) – Данияр Тауфиков (1-0, Қазақстан)

Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек

Хусанбой Исоходжаев (2-2, Өзбекстан) – Еламан Отаров (3-0, Қазақстан)

Кеше Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында салмақ өлшеу мен face to face рәсімі өтті.

Турнирдің тікелей трансляциясы Астана және Бішкек уақытымен сағат 18:00-де басталады. Трансляцияны OCTAGON TV ресми YouTube арнасынан көруге болады.

Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 54 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink