Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» өз алаңында мәскеулік ЦСКА-ны қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық клуб кейінгі матчында «Салаватом Юлаевты» (3:2 Б) жеңген болатын. Бұл жеңіс Олег Болякиннің командасына төрт жеңіліс сериясын тоқтатуға көмектесті.

ЦСКА болса, үш жеңіліс сериясымен келе жатыр. Кейінгі кездесуде мәскеулік команда омскілік «Авангардтан» жеңіліп қалды (1:4).

«Барыс» - ЦСКА матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 19:30-да басталады. Матчты мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.