Бүгін жұптық сындағы Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина Австралия ашық чемпионатындағы бірінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Данилина бірінші айналымда Аргентина өкілі Андрес Молтенимен жұптасып, аустралиялық Джейми Фурлис/Эндрю Харрис дуэтімен кездесті.

Матч 4-6, 4-6 есебімен аустралиялық жұптың пайдасына аяқталды.

Фото: Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі