Қазақстандық, әлемнің 262-ракеткасы Михаил Кукушкин Тенерифе (Испания) челленджер турнирінің ширек финалына өтті.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 235-ракеткасы, франциялық Жоффри Бланканомен бетпе-бет келді.

Бірінші партияда М.Кукушкин 5:2 есебімен алға кеткенімен, мәселе тай-брейкте шешілді – 7:6 (7:4).

Екінші сетте де қазақстандық спортшы 3:0 есебімен алға шықты. Бірақ бұл жолы да тай-брейкке дейін жетіп, онда М.Кукушкин сәтті ойнады – 7:6 (7:5),

Үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында М.Кукушкин 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жібермеді. Ж.Бланкано 4 эйс, 4 брейкпен (14 брейк-пойнт) көзге түсті.

Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 379-ракеткасы, испаниялық Хавьер Косано Барранкодан өтуге тырысып көреді.