«Астана» Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстровпен келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Марат Ресейде «Ахмат» футбол клубының құрамында өнер көрсетіп, 80-нен астам ойын өткізді. Қазақстандық қорғаушымен келісімшарт тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен 2024 жылдың соңына дейін жасалды.