Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында сынға түсетін қазақстандық хоккейшілердің жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Хоккей федерациясы мәлім еткендей, қазақстандық хоккейшілер алғашқы матчын 20 қаңтар күні Польшаға қарсы өткізеді. Ары қарай, Аустрия, Латвия құрамаларымен күш сынасады.

Айта кетейік, Канвондо қаласында ел намысын 16 жасқа дейінгі 13 хоккейші қорғайды:

Қақпашылар: Никита Кулаков, Арсений Кучковский

Қорғаушылар: Темірлан Айболұлы, Әділхан Саттар, Расул Тұрсынов, Арман Төлен, Матвей Решетько

Шабуылшылар: Әнуар Ахметжанов, Таир Бигаринов, Егор Кравченко, Роман Мичуров, Жахангер Тілеухан, Бексұлтан Мақыш

Бас бапкер: Рамазан Қайдаров.