Бүгін Жоғары лига командалары арасындағы допты хоккейден Ресей чемпионаты аясында оралдық «Ақжайық» «Маяк» клубымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесуде қазақстандық клуб 5:3 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар қатарында Максим Пахомов хет-трик, Максим Өтебалиев дубль жасады.

Естеріңізге сала кетейік, кейінгі ойында оралдықтар Воткинск қаласының «Знамя-Удмуртия» командасын 8:3 есебімен жеңген болатын.

Ресей Жоғарғы лигасы. Бірінші кезең. 2-топ.Тоғызыншы тур

Ақжайық - Маяк 5:3