Қазақстандық NAIZA промоушені Алматыда NAIZA 57 турнирінің өтетінін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Турнир 24 ақпан күні «Алматы Аренада» өтеді. Кештің басты жекпе-жегі Жалғас Жұмағұлов (15-9) және америкалық Кливленд Маклин (17-11) арасындағы жекпе-жек болмақ.

Кештің ортақ жекпе-жегінде қытай қазағы Тайлақ Нұражы (8-1) бразилиялық Дуглас Де Оливейрамен (13-7) кездеседі.

Сонымен қатар бұрыңғы лиганың чемпионы, аты аңызға айналған Жұман «Арлан» Жұмабеков (13-7) пен қырғызстандық Қанат «Тайсон» Келдібековтің жекпе-жегі кештің басты кардын толықтырады.