Ресейлік MMA шебері Мовсар Евлоев қазақстандық жанкүйерлер туралы пікірін айтты.

UFC файтері Мовсар Евлоев ингуш жұртына қиын-қыстау кезең туғанда қазақ халқы жылы қабылдағанын атап өтті.

"Мен дүниеге келгелі Қазақстан бізді жылы қабылдаған, мейірім танытқан және қазіргі күнге дейін менің халқыма жақсы қарым-қатынастағы адамдар екенін естіп келемін. Сол үшін мен оларды құрметтеуге міндеттімін.

Қазақстанға әр келген сайын мені қалай қарсы алатыны, менің келгеніме қуанатындары ерекше. Мен ойдан шығарған жоқпын. Бұны жоққа шығаруға болмайды. Қазақтар – маған ең жақын халықтардың бірі. Олар ингуштар сияқты туғанымдай болып кетті", — деді MMA шебері.