Барселона соты бұрынғы теннисші және әлемнің экс-бірінші ракеткасы Аранча Санчес-Викарионы алаяқтық ісі бойынша шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Ua-football.com Каталония Жоғарғы сотына сілтеме жасап жазды.

А. Санчес-Викарио Люксембург банкіне 6,6 млн еуродан астам сомада өтемақы төлеген жағдайда сот жазасынан қашып құтыла алады.

Тергеу нұсқасы бойынша теннисші мен оның бұрынғы күйеуі Хосеп Сантакан Люксембург банкіне қарызды төлеуден жалтару үшін активтерін жасырған.

Прокуратура Аранча Санчес-Викарионы төрт жылға түрмеге қамауды сұраған.

Санчес Викарио жеке және жұптық сында әлем рейтингінің бірінші орнында болды. Ол Үлкен дулыға турнирлерінде 14 рет жеңіске жеткен, сондай-ақ Олимпиада ойындарында екі күміс және екі қола медаль алған.