Әлемнің бесінші ракеткасы америкалық Джессика Пегула Australian Open екінші кезеңінде франциялық Клара Бюрелден 4:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 1 сағат 12 минутқа созылды.

Бюрелдің Мельбурндағы келесі қарсыласы италиялық Мартина Тревизанды 6:4, 6:4 есебімен ұтқан франциялық Осеан Додин.