Бүгін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open 2024 турнирінде екінші айналымдық кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтың қарсыласы әлемнің 57-ракеткасы ресейлік Анна Блинкова.

Кездесуі Астана уақытымен 14:00-де басталады.

Кездесуді Eurosport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Австралияның ашық біріншілігінде чехиялық Каролина Плискованы (38-орын) 7:6, 6:4 есебімен жеңді. Анна Блинкова бірінші айналымда испаниялық теннисші Кристина Бучаны 6:2, 6:4 есебімен жеңді