Грузиялық шабуылшы Лука Имнадзе мансабын Талдықорғандық «Жетісуда» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Форвард Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін «Жетісу» командасына келді.

Имнадзе 2021-2022 жылдары «Ақжайықта» ойнап, соңғы маусымды «Қызылжар» сапында өткізді. Барлығы ҚПЛ-да 57 матчқа қатысып, 8 гол соққан.

Футболшы мансабында грузиндік «Рустави», «Самтредиа», «Сабуртало», «Колхети-1913» және әзербайжандық «Сабаилда» ойнаған