Шабуылшы Александр Шевченко мен «Арланмен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарт 2024 жылғы маусымның соңына дейін жасалған.

Александр өзінің мансабын МХЛ-де «Кузнецкие Медведи» командасында ойнаудан бастады. Барлығы МХЛ-да 4 маусым, 184 матч өткізіп, 113 ұпай жинады (31 гол + 82 нәтижелі пас).Кейіннен Александр Шевченко ЖХЛ-ға ауысты, онда «Металлург»(Новокузнецк) және «Молота» (Пермь) түстерін қорғады. ЖХЛ-де 7 маусымда ол 198 матч өткізіп, 60 ұпай жинады (20 гол + 40 нәтижелі пас).Осы маусымда Александр ЖХЛ-да «Ижсталь» (Ижевск) командасында ойнап, 36 матчта 14 ұпай жинады (2 гол + 12 нәтижелі пас).