Сенегалдық қорғаушы Мамаду Мбодж «Ордабасыдан» кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айта кетейік, Мбодж шымкенттік клубқа өткен маусым басталмай тұрып ауысқан болатын. Сенегалдық «Ордабасы» сапында барлығы 33 кездесу өткізіп, 2 гол соғып, 1 нәтижелі пас беріп, Қазақстан чемпионы атанды.