Жүзуден Қазақстан ұлттық командасы Астанада оқу-жаттығу жиындарын өткізуде, деп жазады Olympic.kz.

Жаттығу жиынына еліміздің ең үздік спортшылары қатысуда.

"Спортшылар мен жаттықтырушылардың барлық назары жұмыста. Осы маусымның барлық негізгі старттарына іріктелу үшін бірнеше ай ғана бар. Әрине, көптеген спортшылардың басты мақсаты - іріктеуден өтіп, Олимпиада ойындарына қатысу", - делінген федерацияның желідегі жазбасында.

Айта кетелік, жүзуден Қазақстан командасы лицензиялық турнирлер мен әлем чемпионатына қатысады.