Ресейлік теннисші Элина Аванесян Мельбурн қаласында өтіп жатқан Австралия ашық біріншілігіндегі дебютінің үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда ол Грекия өкілі Мария Саккариден басым түсті.

Екі сетте Аванесян 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 43 минутқа созылды.

Үшінші айналымда Элина Аванесян украиналық Марта Костюкпен кездеседі. Матч 18 қаңтарда өтеді.