Daily Mail британдық басылымының журналисі Майк Диксон 2024 жылы Мельбурндағы Australian Open турнирінде жұмыс істеп жүріп қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Біздің тамаша күйеуіміз бен әкеміз Майктың Австралия ашық чемпионатына қатысып жатқан Мельбурн қаласында қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. 38 жыл бойы ол бүкіл әлем бойынша спортты қамтыған арманын орындады. Ол шынымен де ұлы адам еді, біз оны қатты сағынамыз», - делінген хабарламада.

59 жастағы Диксонның өлімінің себептері айтылмады.

2024 жылғы Australian Open 14-28 қаңтар аралығында өтеді.