18 жастағы қазақстандық футболшы Әбинұр Нұрымбет белорусиялық «Энергетик-БГУ» клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты

Жартылай қорғаушы өткен маусымның екінші жартысында ғана негізгі құрам ойыншысы болды. Соған қарамастан, 12 матчты қамтитын уақыт ішінде Нұрымбет екі гол соғып, алты нәтижелі пас берді. Ассист саны бойынша оған командада тең келер ешкім болған жоқ.

«Энергетика-БГУ» баспасөз қызметі легионердің мансабын басқа клубта жалғастыратынын хабарлады.

«Жартылай қорғаушы клуб сапында барлық жарыстарда 14 матч өткізіп, 2 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Әрине, ол жазғы трансферлік терезеде команданы күшейтті!

Ойнағаныңызға рахмет, Аби! Болашақта сәттілік тілейміз!». – деп жазады клубтың баспасөз қызметі.