Жұптық сындағы Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина 2024 жылғы Аустралия ашық чемпионатында микстегі алғашқы матчындағы қарсыластарының есімін білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Данилина аргентиналық Андрес Молтенимен жұптасып, аустралиялық Джейми Фурлис/Эндрю Харрис дуэтімен кездеседі. Матч 19 қаңтар күні Астана уақытымен 06:00-де басталады.

Ертең Анна Australian Open-2024 турнирінде америкалық Кэролайн Долехид пен Пейтон Стернске қарсы жұптық сындағы алғашқы кездесуін өткізеді.