«Атыраудың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 қаңтарда атыраулық клуб Волгоградтың «Ротор» командасымен, 23-інде «ЛКС Лодзь» клубымен, 27-сінде басқа поляк клубы «Висламен» ойнаса, 2 ақпанда «Зенит» жастар командасымен ойынын аяқтайды.

Қазіргі уақытта «Атырау» 14 қаңтардан бастап Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, ол 2 ақпанда аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымды ҚПЛ «Атырау» 7-ші орында аяқтап, 34 ұпай жинаған болатын.