Қазақстандық Михаил Кукушкин Тенерифедегі турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда қазақстандық америкалық Мартин Даммды екі сетте 6:4, 7:6 есебімен ұтты.

Барлығы матч 1 сағат 25 минутқа созылды.

Айта кетейік, қазақстандық тәжірибелі теннисші келесі айналымда француз Джеффри Бланканоға қарсы ойнайды.