Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Тенерифеде (Испания) Челленджер турнирінің жекелей сынында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Евсеев швейцариялық теннисші Леандро Ридимен кездесіп, 6:4, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Риди кездесуді жалғастырудан бас тартты. Ойын 1/16 финалдық кезеңде өтіп, кездесу 1 сағат 1 минутқа созылды.