Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық ММА файтері Бағдос Олжабай ресейлік ACA лигасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ұйым өкілдері әлеуметтік желіде хабарлады.

27 жастағы Олжабай кейінгі рет 2023 жылдың қыркүйегінде Alash Pride 89 турнирі аясында бразилиялық Дилено Лопеске қарсы жекпе-жек өткізген. Бұл текетірес барлық бөлінген үш раундтан өтіп, Бағдос төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен. Оның 15 жеңісі мен төрт жеңілісі бар.