Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының 2024 жылғы бірінші айналымында чехиялық Каролина Плискованы жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

1 сағат 28 минутқа созылған кездесу 7:6, 6:4 есебімен әлемнің 3-ші ракеткасы пайдасына шешілді.

Айта кетейік, қазақстандық қыздың келесі айналымдағы қарсыласы ресейлік Анна Блинкова болмақ.