Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open-2024 турниріндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бірінші айналымда Рыбакина чехиялық Карлина Плишоквамен кездескен болатын.

Екі сетке созылған матчта Елена 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Рыбакинаның келесі қарсыласы - ресейлік Анна Блинкова.